Қазақстанда жаһанды шарлаған TALIS мұғалімдер зерттеуі өтуде

Әлемге танымал TALIS, яғни Халықаралық сабақ беру мен оқыту зерттеуi биыл 48 мемлекеттi қамтыды. 3 жылдан берi дайындалған бұл жобаға Қазақстан 2016 жылы қосылды. Оған қазiргi кезде елiмiзден 331 мектептiң директорлары мен 5 мың мұғалiмi қатысуда. Негiзгi зерттеу наурыз айының соңына дейiн жалғасып, қорытындысы 2019 жылы жарияланатын болады.

Сауалнама негiзiнде өтетiн бұл зерттеудiң нәтижесi мұғалiмдердiң еңбек жағдайы, iс-тәжiрибелерiндегi инновациялар, психологиялық ахуалы, сондай-ақ оқушы, ата-ана, әкiмшiлiкпен арақатынас сипаты жайында кеңiнен мағлұмат бередi. Осы деректердi қолданып, бiрқатар мемлекеттер мұғалiмнiң мәртебесiн едәуiр арттыра алған.

Мысалы, Жапония 2013 жылғы TALIS-тен кейiн ғана мұғалiмдер тапшылығын мойындап, олардың санын өсiрген. Ұлыбританияда TALIS мектептердегi аттестаттау рәсiмiнiң тиiмсiз тұстарын көрсетiп, оның өзгеруiне әкелген. Аустралияда зерттеуден кейiн педагогтердiң кәсiби дамыту бағдарламалары түпкiлiктi жаңарды. Италия жоба деректерiне сүйене отырып, бiлiктiлiктi арттырудың қаржысын ұлғайтып, мұғалiмдерге еңбекақы төлеу жүйесiн жетiлдiрдi.

Қазақстанда TALIS-2018 жобасының үйлестiрушiсi — ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ. Төменде көрсетiлген Орталық сайтынан және youtube арнасынан зерттеу жөнiнде егжей-тегжейлi ақпарат алуға болады:

http://iac.kz/kk/project/talis

03.05.2018
Қаралым саны: 1257
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz