«Солтүстiк Қазақстан облысы Тимиряз ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлімі» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi келесi азаматтық қызметшiлердiң бос лауазымына конкурс өткiзетiнiн жариялайды:

Газета «Нива» №47 (2342)
10.11.2018 ж.

  1. «Солтүстiк Қазақстан облысы Тимиряз ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң «Сәбит Мұқанов атындағы Тимирязев жалпы бiлiм беретiн мектеп-гимназиясы» КММ-нiң директоры (мекен-жайы: индекс 150011, Солтүстiк Қазақстан облысы, Тимирязев ауданы Тимирязев ауылы Букетова көшесi 24 үй, телефон: (8715372-11-93);
  2. «Солтүстiк Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң « Ақсуат орта мектебi» КММ-нiң директоры (мекен-жайы: индекс 115114, Солтүстiк Қазақстан облысы, Тимирязев ауданы, Ақсуат ауылы Гагарина көшесi 13 үй, телефоны: (871537 2-25-75). Лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 110 000 мың теңгеден 113 394 мың теңгеге дейiн.

Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар: 

жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) педагогикалық бiлiм және бiлiм беру ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтiлi кемiнде 5 жыл, оның iшiнде басқарушылық қызметте кемiнде 1 жыл болуы тиiс. Бiрiншi немесе жоғарғы бiлiктiлiк санаты болуы тиiс (мемлекеттiк қызметкерлердi, жоғары оқу орындарының қызметкерлерiн, әдiстемелiк қызметтердi қоспағанда) және (немесе) «педагог-сарапшы»,»педагог-зерттеушi, «педагог-мастер»санаттары болуы тиiс.

Бiлуге мiндеттi:

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексi, Қазақстан Республикасының Бюджеттiк кодексi, «Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы» ,«Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Құқық бұзушылықтарды болдырмау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы,«Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Балаларға әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу көмегi туралы» Қазақстан Республикасының Заңы,«Қазақстан Республикасындағы тiлдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы»,«Мүгедектiкке байланысты мемлекеттiк жәрдемақылар туралы, асыраушысынан айрылу және жасына байланысты», «Арнаулы әлеуметтiк қызметтер туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және балалардың қараусыздығы мен үйсiздiкке жол бермеу туралы», бiлiм берудi дамытудың бағыттары мен перспективаларын, педагогика мен психология негiздерiн, мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарын, педагогикалық ғылым мен тәжiрибенiң жетiстiктерiн, басқару негiздерiн, қаржы-шаруашылық қызметiн, еңбек заңнамасын, еңбектi қорғау, қауiпсiздiк техникасы және өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету нормалары мен нормаларын анықтайтын өзге де нормативтiк құқықтық актiлер қорғау.

Лауазымдық мiндеттерi:

Бiлiм беру ұйымының қызметiн оның жарғысына және нормативтiк құқықтық актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес басқарады. Мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандартын педагогикалық және әдiстемелiк кеңеспен бiрлесе отырып iске асыруды ұйымдастырады. Бағдарламалар мен жұмыс жоспарларын бекiтедi. Бекiтiлген учаскiдегi балаларды жалпыға мiндеттi оқытумен қамтамасыз ету заңына сәйкес жалпыға мiндеттi оқытумен қамтамасыз етедi. Оқу-тәрбие процесiнiң ғылыми-әдiстемелiк және материалдық-техникалық базасын ұйымдастырады және жетiлдiредi. Қазiргi заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етедi. Педагогикалық ұйымдар, әдiстемелiк бiрлестiктер, балалар ұйымдары қызметiне ықпал етедi. Бiлiм беру құқығына берiлген лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушiлер контингентiн қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушiлердi әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз етедi. Жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың арасынан шыққан тәрбиеленушiлердiң заңды құқығы мен мүдделерiн (жеке, мүлiктiк, тұрғын үй, еңбек және басқашада) қорғайды, олардың туысқандық байланысын қолдау үшiн оларға жағдай жасау бойынша шаралар қабылдайды. Оқушылар мен тәрбиеленушiлер белгiленген нормадан төмен емес өмiр сүру жағдайларын қамтамасыз етедi. Оқу-тәрбие процесi кезiнде бiлiм алушылардың (тәрбиеленушiлердiң) және бiлiм беру ұйымы қызметкерлерiнiң өмiр қауiпсiздiгi мен денсаулығын сақтауға қажеттi жағдай жасайды. Белгiленген заңнама шегiнде бiлiм беру ұйымының мүлкi мен құралдарына иелiк етедi, жыл сайын құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаражаттың түсуi және жұмсалуы туралы есебiн бередi.

Нормативтiк талаптарға сәйкес есеп жүргiзiп, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етедi, iшкi еңбек тәртiбi ережесiн, санитариялық-гигиеналық режимдi, еңбектi қорғау және техника қауiпсiздiгiн сақтау үшiн жауап бередi. Педагог кадрларды және қосымша қызметшiлердi iрiктеудi және жұмысқа тартуды жүзеге асырады, басқару құрылымын, қызметкерлердiң штаттық кестесiн, лауазымдық нұсқаулығын бекiтедi, олардың кәсiби шеберлiгiн арттыру үшiн жағдай жасайды. Педагогикалық кеңестi басқарады. Қызметкерлердiң аттестаттауға дайындығына қатысады. Қызмет барысында айрықша көзге түскен ұстаздармен бiлiм беру ұйымдарының қызметкерлерiн өзiнiң құзыретiне қарай марапаттауға және көтермелеуге ұсынады және өз құзыретiнiң шегiнде жаза қолданады. Жұртшылықпен, ата-аналармен (немесе оларды алмастырушы адамдармен) байланысты жүзеге асырады. Мемлекеттiк және басқа да ұйымдарда бiлiм беру ұйымының атынан өкiлдiк етедi, қажеттi есеп құжаттарын дайындау мен ұсынуды қамтамасыз етедi. Компьютерлiк сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзiреттiлiктi меңгерген.

Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрген тұлға «Солтүстiк Қазақстан облысы Тимиряз ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмiне» қолма қол немесе пошта бойынша келесi құжаттарды ұсынуы қажет:

  1. бiлiм берудi басқару органы басшысының атына тұрғылықты тiркеу орны, нақты тұратын жерi, байланыс телефондары көрсетiлген конкурсқа қатысуға өтiнiш;
  2. жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
  3. бiлiм туралы құжаттың көшiрмесi;
  4. еңбек қызметiн растайтын құжаттың көшiрмесi;
  5. кадрларды есепке алу жөнiндегi жеке парақ және фото;
  6. ескертпелер мен көтермелеулердi көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан өндiрiстiк мiнездеме;
  7. бiлiктiлiк санаты және ғылыми дәрежесi туралы құжаттың көшiрмесi (бар болса);
  8. медициналық куәландырудан өтуi туралы құжат;
  9. соттылығының жоқ екенiн туралы анықтама;
  10. Мектептi дамытудың перспективалық жоспары.
  11. Тест өту туралы анықтама (бар болса).

Көрсетiлген құжаттардың бiрiнiң болмауы конкурсқа қатысушының құжаттарын қайтарып беруге негiз болып табылады.

Конкурс қатысушысы кәсiптiк деңгейi, жұмыс тәжiрибесi, бiлiмiне қатысты қосымша ақпарат ұсына алады (өткен жұмыс орнының басшылығынан ұсыныстар, ғылыми басылымдар және деңгейлер мен дәрежелердi иелену, бiлiктiлiктi арттыру туралы құжаттардың көшiрмесi).

Конкурска қатысу үшiн қажеттi құжаттарды хабарландыру бiрiншi ресми жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күн iшiнде 151100 ҚР Солтүстiк Қазақстан облысы Тимиряз ауданы Ш. Уалихан көшесi 25 үй, «Солтүстiк Қазақстан облысы Тимиряз ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» КММ, мекен-жайы бойынша ұсыну қажет.

Анықтама үшiн телефон: 2-10-68.

19.11.2018
Қаралым саны: 1681
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz