Құрметті Ата-аналар, ұстаздар, оқушылар!

Бүгiн барлық қазақстандық түлектер үшiн мектеппен қоштасуға арналған атаулы мереке. Сондықтан сiздердi соңғы қоңырау мерекесiмен шын жүректен құттықтаймын!

Осыдан 11 жыл бұрын тарыдай болып мектеп табалдырығын аттаған балалар бүгiн таудай болып үлкен өмiрге қадам басып отыр.

Әр мектепте соңғы қоңырау мерекесi — бұл мектеп тарихына енетiн көңiлдi әрi қуанышты оқиға.

Түлектер өздерiнiң 11 жыл бiлiм алған алтын ұяларымен қоштасса, ұстаздар өздерiнiң сүйiктi шәкiрттерiн өмiрге қанаттандырады.

Барша жас түлектердi алда үлкен сын күтiп тұр. Барлықтарыңызға Ұлттық Бiрыңғай тестiлеуден абыроймен өтiп, Қазақстанымыздың бiлiктi маманы атануларыңызға тiлектеспiн. Ал мектептегi алғашқы жылдарын сәттi аяқтап, бiрiншi сыныптан екiншi сыныпқа аяқ басқан жас бүлдiршiндер мен барлық мектеп оқушыларына жазғы демалыстарын жақсы өткiзiп, күш жинап, жайдары көңiл күймен жаңа оқу жылына оралуларыңызға тiлектеспiн.

Сiздер бүгiн үлкен өмiрге жолдама алғалы тұрсыздар. Елбасы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев жас ұрпақ тәрбиесiне, бiлiм беру iсiне ерекше назар аударып, Сiздердiң сапалы бiлiм алып, үлкен азамат болуларыңыз үшiн барынша жағдай жасап отыр. Бiлiмдi, көзi ашық, көкiрегi ояу болуға ұмтылу — бiздiң қанымызда бар қасиет-деп Ел басымыз айтқандай, бұл — рухани жаңғыруымыздың басты негiздерiнiң бiрi.

Үш тiлдi жетiк меңгерiп, рухани бай, бiлiмдi азамат болыңыздар. Сосын мәпелеген ата-ана, бiлiмге баулыған ұстаздарыңызды қадiрлей бiлiп, солардың үмiтiн ақтауға тырысыңыздар. Бiр сөзбен айтқанда елiмiздiң болашағы — Сiздердiң қолдарыңызда. Сондықтан да қай кезде де терең бiлiм алу жолында жалықпай, талмай iзденiп, ел тiзгiнiн ұстайтын азамат болуларыңызға шын жүректен тiлектеспiн. Ақ жол.

Құрметпен,
Қазақстан Республикасындағы
Бала құқықтары жөнiндегi уәкiл З. Балиева

28.05.2018
Қаралым саны: 1261
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz