Тимирязев ауданының бiлiм беру ұйымдарында қамқоршылық кеңесiн құру туралы хабарландыру

«Қамқоршылық кеңестi ұйымдастырудың үлгi ережесiн және оқу орындарында оны сайлау тәртiбiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң 2017 жылғы 27 шiлдесiндегi бұйрығына сәйкес, «Тимирязев ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» КММ қамқоршылық Кеңестiң жаңа құрамын сайлау, қайта сайлану және бiлiм беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңесiн құру туралы хабарлайды.

Оқушылар санының өзгеруiне байланысты ауданның кейбiр мектептерi қайта құрылды, сондай-ақ, ауданнан тыс жерлерде Қамқоршылық Кеңестiң жеке мүшелерiнiң кетуiне байланысты Қамқоршылық Кеңестiң жаңа құрамын құру қажеттiлiгiне байланысты.

Қамқоршылық Кеңестiң құрамы Қамқоршылық Кеңеске мүше болуға үмiткерлердiң жазбаша келiсiмiмен алынған ұсынылған және ұсыныстар аяқталғаннан кейiн үш жұмыс күнiнiң iшiнде «Тимирязев ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» КММ бекiткен ұсыныстарының негiзiнде Қамқоршылық Кеңестiң құрамы құрылады.

Қамқоршылық кеңестiң құрамына мыналар кiредi:

  1. жергiлiктi өкiлдiк, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкiлдерi;
  2. жұмыс берушiлер мен әлеуметтiк әрiптестердiң өкiдерi;
  3. коммерциялық емес ұйымдардың өкiлдерi (бар болса);
  4. ата-аналар комитетi ұсынған әрбiр параллель сыныптан, бiлiм беру ұйымында бiлiм алушылардың бiр ата-анасы немесе заңды өкiлi;
  5. қайырымдылық жасаушылар (бар болса).

Ұсыныстарды қабылдау хабарландыру жарияланған күнiнен кейiн он жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырылады.

Бiз Сiздерден Қамқоршылар Кеңесiнiң құрамы туралы ұсыныстарыңызды күтемiз (Қамқоршылық Кеңестiң жұмысын ұйымдастырудың үлгiлiк ережелерi және оны бiлiм беру ұйымдарында сайлау тәртiбi бiлiм бөлiмiнiң http://roo-tm.sko.kz сайтында орналастырылады).

Аудандық бiлiм бөлiмiне қосымша сұрақтар бойынша келесi мекенжайға хабарласуға болады: Тимирязево селосы, Ш. Уәлиханов көшесi, 25 үй.

Байланыс телефондары: (871537) 7-90-67, 7-92-18

Электрондық пошта: timyrroo66@mail.ru

Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары (ZIP 22 Kb)

30.11.2018
Қаралым саны: 1328
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz