Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Жарқын болашақ KATEV аудандық олимпиадасы

2019 жылғы 14 ақпан күні С. Мұқанов атындағы Тимирязев жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының базасында қазақ тілінен KATEV Жарқын болашақ болып өтті. 19 мектептен (өнер мектебі), ауданнан 76 оқушы қатысты.

Жарқын болашақ конкурсының қорытындысы бойынша келесі оқушылар бірінші орынды иеленді:

Тілші әдебиетшілер 1 номинациясы бойынша

1 орын — Абаева Еркегүл Тимирязев мектеп-интернатының 9 сынып оқушысы

1 орын — Ермоленко Анжела Комсомольское ОМ 11 сынып оқушысы

Жас ғалымдар 2 номинациясы бойынша

1 орын — Огородников Тимофей Москворецкое ОМ 7 сынып оқушысы

1 орын — Елубаев Жомарт Тимирязев мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы

Жазушылар 3 номинациясы бойынша

1 орын — Жұпарбек Ернар Белоградовка ОМ 7 сынып оқушысы

Сөз шеберлері 4 номинациясы бойынша

1 орын — Шабурова Виктория Москворецкое ОМ 7 сынып оқушысы

1 орын — Әміржан Айымгүл Тимирязев мектеп-интернатының 9 сынып оқушысы

Әнші бұлбұлдар 5 номинациясы бойынша

1 орын Кушурбаева Сагымгүл Тимирязев мектеп-интернатының 9 сынып оқушысы

1 орын Тихонова Надежда Хмельницкое ОМ 11 сынып оқушысы

Әділ-қазылардың шешімімен әр номинация бойынша жүлделі орын алған барлық оқушылар сыйлықтармен марапатталды (блокноттар), дипломдар,сертификаттар берілді, оқушыларды іс-шараға сапалы дайындағандары үшін, қазақ тілі пәнінің мұғалімдері грамоталармен марапатталды.

Тимирязев жалпы білім беретін қазақ мектеп-интернатында, Белоградовка орта мектебінде, Москворецкое орта мектебінде, Комсомольское орта мектебінде, Хмельницкое орта мектебінде оқушыларды осы іс-шараға сапалы дайындағандарын ерекше атап өткім келеді.

Аудандық жарыстың жеңімпаздары Петропавл қаласында мамыр айында өтетін «Жарқын болашақ» облыстық турына қатысатын болады.

Байқау жеңімпаздарын және пән мұғалімдерін жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!

«Тимирязев ауданы әкімдігінің
білім бөлімі» КММ-нің
мемлекеттік тіл жөніндегі әдіскері
Акылтаева Б.М.

14.02.2019
Қаралым саны: 1237
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz