Бөлім туралы

Күзеубаев Армат ТiлеубайұлыКүзеубаев Армат Тiлеубайұлы, Солтүстiк Қазақстан облысы Петропавл қаласында 1969 жылғы 9 қазанда туылған.

3 жоғарғы бiлiм бар:

1986-1992 —Тарих және тәрбие жұмысы әдiстемесi мамандығы бойынша педагогикалық институты.

1999-2001 — Қазақ тiлi мен әдебиетi мамандығы бойынша бiлiм беру жүйесiнiң менеджерлерi мен ғылыми-педагогикалық кадрларын және басшылардың бiлiктiлiгiн жоғарылату республикалық институты.

2006-2008 — Қаржы мамандығы бойынша Гончаров атындағы Қазақ автокөлiк-жолдары университетi.

Еңбек жолын 1992 жылы тамызда Ақсуат орта мектебiнде тарих пәнiнiң мұғалiмi ретiнде бастады.

1993 жылдың тамыз айынан — 1998 жылдың қыркүйек айына дейiн — Есiл орта мектебiнiң тарих пәнiнiң мұғалiм

1998 жылдың қыркүйек айынан бастап — 2001 жылдың тамыз айына дейiн — Есiл орта мектебiнiң оқу iсi жөнiндегi директордың орынбасары.

2001 жылдың тамызынан — 2003 жылдың қазан айына дейiн — Степной орта мектебiнiң директоры.

2003 жылдың 20 қазанында Тимирязев аудандық бiлiм беру бөлiмiнiң басшысы болып тағайындалған, қазiргi уақытта бiлiм бөлiмiнiң басшысы.

Үйленген, үш баласы бар.

Сенiм телефоны

«Солтүстiк Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» КММ мемлекеттiк қызметшiлердiң «Мемлекеттiк қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Ар-намыс кодексi» Қазақстан Республикасының заңдарын бұзғаны туралы хабарлау үшiн 8(71537)7-92-18 сенiм телефоны туралы хабарлайды. (Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасы ережелерi).

Қиын өмiрлiк жағдайлардағы жасөспiрiмдер мен ата-аналарға жедел кеңес беру, балаларды психологиялық қолдау, кеңестiк көмек, шұғыл көмек көрсету қызметi, сенiм телефоны бойынша — қамқоршылыққа және қорғаншылыққа алу жөнiндегi жауапты бас маман Сарсекпаева Марияш Карапиновна тел. 8 (71537) 7-90-67, ұялы тел 8 (771) 0296761 және балалардың құқығын қорғау жөнiндегi әдiскер Баймуратов Мағзұм Жамұрбайұлы, тел. 8 (71537) 2-10-73 хабарласуға болады.

Азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау кестесi

«Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-111 Заңына сәйкес, «Солтүстiк Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi азаматтардың өтiнiштерiн қарау жөнiндегi жұмыстарды жақсарту, атқарушы органдардың басшыларының жауапкершiлiгiн арттыру мақсатында, бiлiм беру бөлiмiнiң 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 269 бұйрығымен азаматтардың жеке сұрақтары бойынша апта сайынғы қабылдау кестесi бекiтiлген, бейсенбi 09 сағат 00 минуттан — 18 сағат 30 минутқа дейiн үзiлiс 13 сағат 00 минуттан — 14 сағат 30 минут.

Мақаланы құрған күні 19.01.2018 11:26

coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz