«Мектепке жол» акциясын өткiзу туралы

«Мектепке жол» акциясын өткiзу туралы

Тимирязев ауданында «Мектепке жол» республикалық акциясы жалғасуда.

Акцияның мақсаты — аз қамтылған, көп балалы, тұрмысы жайсыз отбасылардан шыққан балаларға, жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтiк көмек көрсету, әлеуметтiк себептер бойынша балалардың мектепке келмеуiнiң алдын алу.

Облыстың бiлiм беру ұйымдарында оқушыларға мектепке дайындыққа көмек көрсету бойынша жұмыстар жүргiзiлуде. Көмекке мұқтаж балалардың деректер базасы құрылды. Азаматтардың өтiнiштерiне жедел әрекет ету үшiн «жедел желiлер», «сенiм» телефондарының жұмысы ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, қайырымдылық көмек көрсетуге демеушiлердi, әлеуметтiк серiктестердi, мемлекеттiк құрылымдарды тарту бойынша жұмыстар жүргiзiлуде. Республикалық акция күнтiзбелiк жыл бойы жалғасатынын айта кеткен жөн.

Балаларға мектепке дайындалуға көмек көрсеткiсi келетiндер тұрғылықты жерi бойынша бiлiм беру бөлiмiне немесе тiкелей бiлiм беру ұйымына хабарласа алады.

03.08.2021
Қаралым саны: 638
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz