Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен зияткерлік меншік құқықтарын сақтау мен қорғаудың қолайлы жағдайларын қамтамасыз ету, халықтың зияткерлік меншік мәселелері бойынша хабардарлығын арттыру мақсатында 2021 жылдың 12-30 мамыры аралығында «Контрафакт» республикалық акциясын өткізу жоспарланып отыр (онлайн форматында).

Жоғарыда аталған акция шеңберінде келесіні өткізу көзделген:

  1. 10-15 жас аралығындағы (10 жастан бастап 12 жасқа дейін, 13 жастан бастап 15 жасқа дейін) балалар үшін «Қазақстанда контрафактіге жол жоқ» тақырыбына а.ж. 12-25 мамыры аралығында үздік сурет республикалық конкурсын;
  2. «Қазақстанда контрафактіге жол жоқ» тақырыбына а.ж. 12-30 мамыры аралығында үздік ұран республикалық конкурсын (14 жас және одан үлкен жастар санаты арасында).

Осы конкурстардың жүлделі орнына сый ретінде планшет жарияланды!!!

Біздің облысымыздың азаматтарын, жастарын ықылассыз қарамай, конкурсқа белсенді қатысуларын сұраймыз! Өтінімдерді қабылдаудың мерзімі а.ж. 25 мамырына дейін.

Конкурстарға қатысуға өтінімдерді рәсімдеу мәселелері бойынша Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі бөліміне 33-39-63 телефоны бойынша жүгінуіңізге болады.

13.05.2021
Қаралым саны: 720
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz