«Үздік педагог» конкурсын өткізу туралы

2021 жылғы 30 сәуірде"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мекемесінің "Тимирязев ауданының білім бөлімі" КММ "Үздік педагог" атағын беру конкурсының (бұдан әрі-Конкурс) 1 кезеңін өткізу туралы хабарлайды. Конкурстың 1-кезеңіне қатысу үшін электрондық форматта келесі құжаттар мен материалдар ұсынылады:

1) "Үздік педагог" атағын беру қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға нысан бойынша өтінім";

2) білім беру ұйымдарының басшылары растаған педагогке арналған ұсыным;

3) жұмыс орны растаған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы;;

4) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

5) білім беру ұйымының комиссия отырысы хаттамасынан үзінді және қазақ немесе орыс тілінде ұсыным;

6) электрондық тасығыштарда жазылған оқу сабақтары;

7) оқыту тіліндегі портфолио (педагог портфолиосының құрылымы осы Ережелердің 2-қосымшасында баяндалған);

8) эссе тақырыбын жыл сайын білім және ғылым министрлігі айқындайды;

9) бейнеролик осы Ережелердің 3-қосымшасында баяндалған техникалық шарттарға сәйкес.

19.04.2021
Қаралым саны: 713
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz