«Қазақстанда контрафактіге жол жоқ» тақырыбындағы үздік сурет байқауы туралы Ереже

«БЕКІТЕМІН»

_____________ А. Ахметова

Қазақстан Республикасының

Әділет вице-министрі

2021 жылғы «___» мамыр

 

«Қазақстанда контрафактіге жол жоқ» тақырыбындағы үздік сурет байқауы туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

1. Осы ереже «Қазақстанда контрафактіге жол жоқ» тақырыбындағы үздік суретті анықтау үшін балалар арасында байқау өткізудің шарттары мен тәртібін анықтайды.

2. Байқау Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен 2021 жылғы 12 мамырдан 25 мамырға дейін өткізіледі.

2. Байқаудың мақсаттары мен міндеттері

2.1. Байқау үздік суретті анықтау мақсатында өткізіледі.

2.2. Міндеттері:

- контрафактілік өнімдердің таралуына қарсы күресті насихаттау және танымал ету;

- Қазақстан Республикасының азаматтарын республиканың қоғамдық маңызды аспектілеріне тарту;

- балалар арасында көркем және шығармашылық дарындарды анықтау және ашу;

- контрафактіге теріс қатынасты қалыптастыру;

- қоғамның зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы құқықтық түсіндіру жұмысына қатысуы;

- ішкі нарықта контрафактілік өнімнің таралу проблемасы туралы халықтың хабардар болу деңгейін арттыру.

3. Байқаудың қатысушылары

3.1. Жеке тұлғалар – Қазақстан Республикасының азаматтары байқауға қатысушылар болып табылады.

3.2. Байқау 10-нан 15 жасқа дейінгі жас санатында өткізіледі (10-нан 12 жасқа дейін, 13-тен 15 жасқа дейін).

4. Байқауды өткізу шарттары

4.1. Өтінімдерді қабылдау 2021 жылғы 12 мамырдан 25 мамырға дейін Облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әділет департаменттерімен жүзеге асырылады.

4.2. Байқау Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен және облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әділет департаменттерімен екі кезеңде өткізіледі:

бірінші кезең – аймақтық, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының Әділет департаменттерінде. Әділет департаменттері құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін 2 күн ішінде байқаулық жұмыстарды комиссиялық қарауды ұйымдастырады, оның нәтижелері бойынша әрбір жас санатындағы бір үздік жұмысты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жібереді;

екінші кезең – республикалық, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде. Жеңімпаздарды іріктеу бойынша қорытынды кезең 2021 жылғы 31 мамырда өткізіледі. байқаулық комиссия үздік жұмысты іріктейді.

4.3. Байқау комиссияның құрамына мемлекеттік органдардың (Әділетмині, АҚДМ, МСМ, ІІМ, Қаржымині) өкілдері және жұртшылық өкілдері кіреді.

5. Байқау жұмысының талаптары

5.1. Қатысушылар суреттерді қағаз және/немесе электрондық түрде (фотосурет) № 1 қосымшаға сәйкес мекенжайларға (электрондық мекенжайларға) ұсынады.

5.2. Қатысушылар байқаулық жұмысты тұрғылықты жері бойынша (облыстық, қалалық) Әділет департаментіне ұсынуы тиіс.

5.3. Байқаулық жұмыс мыналардан тұрады:

- баланың туу туралы куәлігінің көшірмесін қоса бере отырып, байқауға қатысуға өтінімдер (№2 қосымша);

- сурет.

5.4. Байқаулық жұмыс осы Ереженің 4.1-тармағында көрсетілген мерзімнен кешіктірілмей берілуі тиіс.

5.5. Байқаулықық жұмыстың мазмұны Қазақстан Республикасының заңнамасы мен мораль нормаларына қайшы келмеуге тиіс.

5.6. Байқауға қатысу тегін негізде ұсынылады. Әрбір қатысушы байқауға 1-ден артық емес жұмыс ұсына алады.

5.7. Комиссиямен Байқау шарттарына сәйкес келмейтін байқаулық жұмыстар қаралмайды. Байқауға қатысу және оның қорытындылары бойынша апелляциялар қабылданбайды.

6. Үздік жұмысты анықтау бойынша байқаудың бағалау критерийлері

6.1. Үздік жұмысты іріктеу келесі критерийлер бойынша жүзеге асырылады:

- жұмыстың тақырыпқа сәйкестігі;

- жаңалығы мен өзектілігі;

- мазмұндылығы;

- заттардың дұрыс композициялық орналасуы, заттардың көлемін және түстірдің үйлесімділігінің шешімін беру.

7. Авторлық құқық

7.1. Байқауға қатысуға байқаулық жұмысты жібере отырып, қатысушылар авторлық құқықтардың сақталуына кепілдік береді және үшінші тұлғалар тарапынан наразылықтар туындаған кезде туындаған мәселелерді дербес және өз есебінен реттейді.

7.2. Өз жұмысын байқауға жібере отырып, автор автоматты түрде Байқауды ұйымдастырушыларына авторлық құқықтың бүкіл қолданылу мерзімі ішінде эфирге, кабель, билборд арқылы хабарлау, жалпы жұрттың назарына жеткізу, БАҚ-та жариялау, одан әрі тираждау, мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріне аудару жолымен ұсынылған байқаулық жұмысты пайда табусыз пайдалануға құқық береді.

7.3. Байқауға қатысушылар өздерінің дербес деректерін (Байқауға қатысушы хабарлаған тегі, аты, әкесінің аты, электрондық пошта мекенжайлары және өзге де дербес деректер) өңдеуге келісімін береді.

7.4. Байқауға жіберілген материалдар рецензияланбайды және қайтарылмайды.

8. Байқаудың қорытындысын шығару

8.1. Байқау қорытындыларын байқаулық комиссия шығарады, оның құрамы облыстарда және Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында Әділет департаменті басшысының бұйрығымен, орталық аппаратта Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен бекітіледі.

8.2. Байқаулық комиссия материалдарды критерийлерге сәйкестігін қарайды және жеңімпаздарды анықтайды.

8.3. Жеңімпаздар планшеттермен марапатталады. Жеңімпаздар ұйымдастырушымен 2021 жылдың 3 маусымында жарияланады.

Қосымша (ZIP 16 Kb)

13.05.2021
Қаралым саны: 738
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz