«Контрафакт» тақырыбындағы үздік ұран байқауы туралы Ережем

«БЕКІТЕМІН»

_____________ А. Ахметова

Қазақстан Республикасының

Әділет Вице-министрі

2021 жылғы «___» мамыр

 

«Контрафакт» тақырыбындағы үздік ұран байқауы туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

1. Осы ереже «Контрафактқа жол жоқ» тақырыбындағы үздік ұранды анықтау үшін азаматтар арасында байқау өткізудің шарттары мен тәртібін анықтайды.

2. Байқау Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен 2021 жылғы 12 мамырдан 30 мамырға дейін өткізіледі.

2. Байқаудың мақсаттары мен міндеттері

2.1. Конкурс «Контрафакт» Республикалық акциясында пайдалану үшін ұранды әзірлеу мақсатында, сондай-ақ зияткерлік меншік саласындағы құқықтық түсіндіру жұмысы, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласында халықтың хабардарлығын арттыру, қоғамның контрафактілік өнімге төзбеушілігін қалыптастыру мақсатында өткізіледі

2.2. Міндеттері:

- контрафактілік өнімдердің таралуына қарсы күресті насихаттау және танымал ету;

- қоғамның зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы құқықтық түсіндіру жұмысына қатысуы;

- контрафактіге теріс қатынасты қалыптастыру;

- Қазақстан Республикасының азаматтарын республиканың қоғамдық маңызды аспектілеріне тарту;

- азаматтар арасында көркем және шығармашылық дарындарды анықтау және ашу;

- контрафактіге теріс қатынасты қалыптастыру;

-ішкі нарықта контрафактілік өнімнің таралу проблемасы туралы халықтың хабардар болу деңгейін арттыру.

3. Байқаудың қатысушылары

3.1. Жеке тұлғалар – Қазақстан Республикасының азаматтары байқауға қатысушылар болып табылады.

3.2. Конкурс 14 және одан жоғары жас санатында өткізіледі.

4. Байқауды өткізу шарттары

4.1. Байқауды Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі 2021 жылдың 12-30 мамыр аралығында Instagram әлеуметтік желісінің алаңында қатысушының жеке профилінде (account) ұранды орналастыру арқылы өткізеді.

4.2. Конкурсқа қатысудың міндетті шарттары:

- қатысушының Instagram профилі ашық екеніне көз жеткізу;

- @adiletgov парақшасына жазылу;

  • «Қазақстанда контрафактіге жол жоқ» тақырыбына ұран орналастыру;

Түсініктеме орналастыру #КонтрафактқаЖолЖокКонкурс, @adiletgov

4.3 Конкурсқа өтінім сипаттамада конкурсты ұйымдастырушының атауы мен ұранды 2021 жылғы 12-30 мамыр аралығында белгіленген тәртіппен орналастырылған кезде берілген болып есептеледі.

  1. 4. Байқау комиссиясы үздік ұранды таңдайды. Байқаулық комиссияның құрамына мемлекеттік органдардың (Әділетмині, АҚДМ, МСМ, ІІМ, Қаржымині) өкілдері және жұртшылық өкілдері кіреді.

5. Байқау жұмысының талаптары

5.1. Конкурстық жұмыс осы Ереженің 4.1-тармағында көрсетілген мерзімнен кешіктірілмей берілуі тиіс.

5.2. Байқаулықық жұмыстың мазмұны Қазақстан Республикасының заңнамасы мен мораль нормаларына қайшы келмеуге тиіс.

5.3. Комиссиямен Байқау шарттарына сәйкес келмейтін байқаулық жұмыстар қаралмайды. Байқауға қатысу және оның қорытындылары бойынша апелляциялар қабылданбайды.

6. Үздік жұмысты анықтау бойынша байқаудың бағалау критерийлері

6.1. Үздік жұмысты іріктеу келесі критерийлер бойынша жүзеге асырылады:

- жұмыстың тақырыпқа сәйкестігі;

- жаңалығы мен өзектілігі;

- мазмұндылығы және ерекшелігі;

- үйлесімділігі;

7. Авторлық құқық

7.1. Байқауға қатысуға байқаулық жұмысты жібере отырып, қатысушылар авторлық құқықтардың сақталуына кепілдік береді және үшінші тұлғалар тарапынан наразылықтар туындаған кезде туындаған мәселелерді дербес және өз есебінен реттейді.

  1.  Өз жұмысын байқауға жібере отырып, автор автоматты түрде Байқауды ұйымдастырушыларына авторлық құқықтың бүкіл қолданылу мерзімі ішінде эфирге, кабель, билборд арқылы хабарлау, жалпы жұрттың назарына жеткізу, БАҚ-та жариялау, одан әрі тираждау, мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріне аудару жолымен ұсынылған байқаулық жұмысты пайда табусыз пайдалануға құқық береді.Байқауға қатысушылар өздерінің дербес деректерін (Байқауға қатысушы хабарлаған тегі, аты, әкесінің аты, электрондық пошта мекенжайлары және өзге де дербес деректер) өңдеуге келісімін береді.
  2.  Байқауға жіберілген материалдар рецензияланбайды және қайтарылмайды.

8. Байқаудың қорытындысын шығару

8.1. Конкурстық комиссия конкурс жеңімпаздарын критерийлерге сәйкестігін айқындап, жеңімпазды анықтайды.

8.2. Байқау жеңімпаздары 2021 жылдың 3 маусымына дейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің @adiletgov профилінде хабарланады. Жеңімпаз планшетпен марапатталады.

13.05.2021
Қаралым саны: 675
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz