«Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы

2019 жылғы 12 тамызда жаңа оқу жылына дайындық аясында бүкiл ел бойынша «Қауiпсiз мектеп автобусы» республикалық акциясы басталды.

Акцияның мақсаты: балаларды бiлiм беру ұйымдарына тасымалдауды ұйымдастыру барысында олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, мектеп автобустарымен тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде жол-көлiк оқиғаларының алдын алу.

Акцияны өткiзудiң орны және кезеңi: республиканың өңiрлерiнде, 2019 жылғы 12 тамыздан бастап 10 қазанға дейiн.

Қатысушылардың сапалық құрамы: мектепке дейiнгi және мектеп жасындағы балалар, мүдделi мемлекеттiк органдардың, кәмелетке толмағандардың iстерi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссиялардың, ата-аналар қауымдастығының, мекемелердiң, еңбек ұжымдарының, үкiметтiк емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, жергiлiктi полиция қызметтерiнiң өкiлдерi және т.б.

Акцияның мазмұны және форматы:

Ұраны — «Қауiпсiз мектеп автобусы үшiн».

Республикалық акция балаларға, ата-аналарға және қоғамға қауiпсiз жол қозғалысы және балаларды тасымалдау ережелерi туралы ескертпе болуы тиiс.

Акция аясында жоспарланған:

1. Мектептiк тасымалдауды ұйымдастыру жөнiндегi жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiн зерделеу

  • автокөлiктiң техникалық талаптарға сәйкестiгiн, тахографтардың бар болуы және жарамдылығы туралы мәлiметтер, балаларды бiлiм беру мекемелерiне тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлiктердiң техникалық байқаудан өтуiн, жүргiзушiлердiң құрамын (тиiстi санаттарының болуына, жүргiзушiнiң өтiлi, жолда тәртiп сақтау әдеттерi) тексеру, қозғалыс схемасының бар болуы;
  • мектепке кiрме жолдарының қауiпсiздiгi (аумақты жарықтандыру, «Балалар» белгiсiнiң бар болуы, жаяу жүргiншiлерге арналған өткелдердi, «жатқын полицейлер» жасанды жол кедергiсiн және т.б. құру);
  • балаларды тасымалдайтын көлiк құралдарында (автобустарда) арнайы жарық (жарық түсiргiш шамшырақшалар) және дыбыс сигналдарының бар болуы;
  • мектепке кiрме жолдарында, жаяу жүргiншiлерге арналған өткелдердiң маңында қолданыстағы бейнебақылау камераларының бар болуы;

жол қозғалысы қауiпсiздiгi ережелерiнiң бұзылуын болдырмау туралы және жол қозғалысының қауiпсiздiгi тақырыбында мектеп автобустарының жүргiзушiлерiмен нұсқамалар жүргiзу, сондай-ақ балаларды көлiк құралдарына отырғызу және түсiру кезiнде мектеп автобустары жүргiзушiлерiнiң мiндеттi түрде апаттық дабыл қағуды қолдану;

2. Iс-шараларды ұйымдастыру және өткiзу

  • жол қозғалысы ережелерi туралы парақшалар мен брошюралардың таратумен жол қозғалысы ережелерiн түсiндiру бойынша қауiпсiздiк сабақтары;
  • бастауыш сынып оқушылары мен олардың ата-аналары үшiн «Жарқын бол!» тақырыбында сынып сағаттарын өткiзу. Қозғалыстың жас инспекторларының оқушыларға жарық шағылыстыратын бiлезiктердi тапсырумен жол қозғалысының қауiпсiздiгi туралы театрландырылған концерт көрсетедi ұйымдастыруы.
  • люминесценттi бояуларды (қараңғыда жарықтандыратын) пайдалана отырып суреттер байқауын өткiзу;
  • кинотеатрларда, қоғамдық көлiк салондарында жол қозғалысы ережелерi туралы әлеуметтiк роликтердi көрсету;
  • жол қозғалысы және балаларды тасымалдау ережелерiн орындау мәселелерi бойынша аймақ тұрғындары арасында сауалнама жүргiзу, мектепке дейiнгi мекемелерде және жалпы бiлiм беретiн мектептерде сабақтар, дәрiстер, ата-аналар жиналыстарын өткiзу;
  • жол қозғалысының қатысушыларын жолда сақ болуға шақыру бойынша флешмобтар өткiзу.

Баршаңызды осы акцияға белсендi қатысуға шақырамыз.

Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзу фактiлерi болған жағдайда, оның iшiнде мектептерге және үйге қауiпсiз тасымалдауды қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Балалардың құқықтарын қорғау комитетiнiң «сенiм» телефонына хабарласуларыңызды сұраймыз: 8 (7172) 742528.

13.08.2019
Қаралым саны: 1648
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz